Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сайтына қош келдіңіздер. Сіздермен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ресми сайтында сұхбаттаса отырып, Департамент қызметін сипаттайтын барлық ақпаратты жариялап қана қоймай, білім сапасын арттырудың түйінді мәселелеріне де жауап беретін хабарларды орналастыруды өз парызымыз деп санаймыз.
«Нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде ҚР «Білім туралы» Заңы, «Рұқсаттамалар мен хабарландырулар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», «Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» орналастырдық.
Департамент құрылымы, оның басшылары туралы мәліметтермен, сондай-ақ Департамент қызметін регламенттейтін құқықтық актілермен тиісті бөлімдерде танысасыздар. «Жаңалықтар» бөлімі білім саласында болып жатқан оқиғалар ортасында болуға мүмкіндік береді. Сіздерді толғандыратын мәселелерге жауапты «Сұрақ-жауап» бөлімінен таба аласыздар.
Құрметті сайтқа келушілер! Әріптестер, ата-аналар, мектеп оқушылары және лицейлер мен колледждердің оқушылары, Сіздермен өзара түсіністік пен жемісті серіктестікке сенім артамыз.
Сіздерге деген зор құрметпен шын жүректен шыққан ыстық ықыласпен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мухамеджанов Бахытжан Калжанулы.

Сенім телефоны

8(72533)3-25-60


Телефон доверия
ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы