НОСТРИФИКАЦИЯ

Білім беру туралы құжаттарды нострификациялау – басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті шетел білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне құжаттарды қабылдау 2013 жылдың қараша айынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне жауапты жұмыс органы «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» болып табылады. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14 «Шахназ» бизнес орталығы, 601-602 оф., анықтама телефондары: 8 (7172) 27-82-91, 27-82-92.