2015 жылғы ҰБТ қорытындысы

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы

ОҚО бойынша  2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 18592 бітіруші өтініш берді, 2-8 маусым аралығында өткен  ҰБТ-ға 18298 (98,4%) бітіруші қатысты, оның ішінде 16245-і қазақ сыныбының, 2043-і орыс сыныбының бітірушілері.

Облыс бойынша орта балл – 78,6. Өткен 2014 жылы 74,5 балл болған, биылғы жылы көрсеткіш 4,1 баллға артып отыр. «Алтын белгі» алуға үміткер1084 бітірушінің 604-і өздерінің үздік білімдерін растап шықты, бұл көрсеткіш 55,7%.

Түлкібас ауданы, мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының бітірушісі Абдазимова Лаура 125 балл жинады.

Ұлттық бірығай тестілеуді өткізудің ережесін бұзған 7 бітіруші аудиториядан шығарылып, жауап парағының нәтижесі жойылды.