Білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықбұзушылықтарды болдырмау тақырыбында өткен мәжіліс

Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Қ.Жолаевтың төрағалығымен білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықбұзушылықтарды болдырмау тақырыбындағы мәжіліс өтті. Мәжілісте Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, Түркістан облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Б.Мұхамеджанов, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту, жаңа технологиялар» бөлімінің бөлім басшысы Ә.Кенжебаев, Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасы «Әкімшілік және құқықтық қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Ж.Маханбетұлы қатысып, баяндама жасады.

Сондай-ақ, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кадрға жауапты бас мамандары мен бас есепшілері; Мектеп-колледж директорлары мен бас есепшілері, мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары мен бас есепшілері; арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілері; Облыстық әдістемелік орталықтың басшысы мен бас есепшісі; облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының директоры мен бас есепшісі, облыстық жас туристер станциясының директоры мен бас есепшісі қатысты.

Күн тәртібінде: – Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ; – Түркістан облысының білім саласына 2019 жылы жүргізілген профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерудің қорытындысы мен қолданыстағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер туралы; – Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы туралы; – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстың білім саласында жүргізген тексеру қорытындысы туралы – мәселелер қаралды.

Осы күн тәртәбіндегі басты сұрақтар бойынша жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында егжей-текжей айтылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мейлінше азайтуға жұмыс жасау қажеттігі айтылды. Негізігі мақсат – сыбайлас білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.