Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен өткізілген тамыз кеңесі туралы

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы ағымдағы жылдың 02 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен тамыз кеңесін өткізді. Аталған іс-шараға Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Абикешева Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» №391 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2020 №231 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар) бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы (онлайн режимде) баяндама жасады.