Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша

Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2020 жылдың 08 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» №391 бұйрығына (ҚР Білім және
ғылым министрінің 05.06.2020 №231 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар) ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын
бейнеконференц байланыс арқылы (онлайн режимде) мәжіліс өткізді.
Аталған іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандары, мектеп директорлары, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.