Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен ұлттық білім беру деректер қоры бойынша

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен және ұлттық деректер қорын толтыруға жауапты мамандарымен бейнеконференцбайланыс арқылы (онлайн режимде) кезектен тыс мәжіліс өткізді. Аталған іс-шараға Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Абикешева қатысты.