Сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің ұжымдарымен салтанатты кездесу өткізілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова «Ұстаздар күні» мерекесі құрметіне 2020 жылғы 2 қазанда білім беру саласындағы аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің ұжымдарымен салтанатты кездесу өткізді.
Іс-шара онлайн-форматта өтті. Оған білім беру жүйесіндегі тексерулер мен мониторингке қатысатын сарапшылардың ішінен мектеп мұғалімдері, республикадағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ректорлары қатысты.
Өз құттықтауында Г.І.Көбенова мұғалімнің кәсіби мемлекеттегі және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты шара барысында мамандар қатарынан Түркістан облысының 5 мұғалімі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің «Алғыс» хаттарымен марапатталды:
-Қойжігіт Бекжасар Нұржігітұлы, Ордабасы ауданы білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары,
-Ханділлә Жанат Ділдабекқызы, Түркістан қаласы адами капиталды дамыту бөлімінің №22 жалпы орта мектебі директорының орынбасары,
-Оразымбетов Бақытжан Зиябекович, Қазығұрт ауданы білім бөлімінің «Қосағаш» жалпы орта мектебі директорының орынбасары,
-Мамадалиева Жадыра Ергешовна, Сарыағаш ауданы білім бөлімінің №18 Абай атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары,
-Есенкулова Айнур Оналбековна, «Түркістан Ахмет Ясауи» колледж директоры орынбасары.