Жазира Бегалының әлеуметтік желіде жарияланғанбейне жазбаға байланысты оқиға орын алған жерге жедел жетіп, жасөспірімдердің жағдайын білді

Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Мухамеджанов және басшының орынбасары Қ.Шербаев 04.10.2020 жылы сағат 12:00 лер шамасында Жазира Бегалының әлеуметтік желіде жарияланған Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылының Н.Тоқтамысов көшесінің № 1а үй тұрғыны тұрғыны 07.10.1982ж.т. уақытша жұмыссыз Дәуірбаев Ержан Ералиевичтің кәмелетке толмаған балаларын (04.10.2011 ж.т. және 17.01.2013 ж.т.) ұрып-соғып жатқан бейне жазбаға байланысты оқиға орын алған жерге жедел жетіп, жасөспірімдердің жағдайын білді.
Қазығұрт ауданы әкімдігі тарапынан полиция бөліміне берілген тапсырмасы бойынша
бүгінгі таңда анасы – Абдраймова Махааббат Садуақасовна (аудандық жер қатынастары бөлімінің қызмектері (хатшы) арызы тіркеліп, бейне жазбадағы жағдайға байланысты ҚР ҚК 110-бабы «Қинау» бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ анасы М.Абдраймова мен балаларына педагог-психологтар, заңгерлер тарапынан тиісті көмектері берілуде.
Дәуірбаевтар отбасында үш кәмелетке жасы толмаған балалары бар. Атап айтқанда:
1. 04.10.2011 жылы туылған. Ирали Нұрбақыт Ержанұлы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп лицейінде 3 в сынып оқушысы (сынып жетекшісі Исабаева Алтынай, мектеп-лицей директоры Налибаева Шара);
2. 17.01.2013 жылы туылған. Ирали Нұрислам Ержанұлы С.Сейфулин атындағы жалпы орта мектебі 1 ә сынып оқушысы (сынып жетекшісі Құттыбаева Балжан. Мектеп директоры Турдалиева Бағила);
3. 05.07.2017 жылы туылған. Ирали Нұрасыл Ержанұлы үйінде;
Жоғарыда аталған үш баласы денсаулығына байланысты есепте тұрмайды.
Анасы М.Абдраймованың айтуынша балалардың әкесі Е.Дәуірбаев ішімдік ішіп келіп балалардың үлкені Нұрбақыт Иралиді соққыға жыға берген соң төркініне (балаларының нағашысына) алып барып
Ал, 1 сынып оқитын және 3 жасар баласы анысымен тұрып жатқан. Қазіргі таңда Абдраймова Махааббат Садуақасовна үш баласымен бірге Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Жібек жолы көшесі №35 үйде өз үйінде тұрып жатыр (М.Абдраймованың әкесінің үйінде).
Абдраймова Махаббат Садуақасовнаға және балаларына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің психологтары психологиялық көмектері мен кеңестерін беруде.
Дәуірбаев Ержан Ералиевич және балалары толық медициналық-криминалды сараптамадан өткізілді. Қорытындысы дайындалуда.
Сондай-ақ отбасына қауіпсіздік туғызбау мақсатында Дәуірбаев Ержан Ералиевич аудандық полиция бөліміндегі изоляторда уақытша қамауында.