БАСШЫ БЛОГЫ

Түркістан облысының
білім басқармасы,
қалалық және аудандық білім
бөлімдерінің  басшыларына

Құрметті басшылар!

Сіздердің назарларыңызды, сыбайластық пен жемқорлық құқықбұзушылықтарының  алдын алу іс-шараларын  жүзеге асыру аясында, Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік  бақылау шараларын жүргізуіне байланысты педагогикалық ұжымнан  ақша жинауды ұйымдастыруды білім беру ұйымдарының  қызмет ету практикасынан   алып тастауға,  аударамын.

Осыған байланысты ескертемін, бюджеттік қаржыландыру аясында бақылау шараларын жүргізуге департамент қызметкерлері мен  бақылауға тартылған сарапшылардың (жол жүруіне, тұруына, тәуліктік) іс-сапар шығындарына  ақы төлеу  үшін қаржы бөлінеді.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта  мемлекеттік бақылау шараларының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, қоғамның жариялылық деңгейін барынша көтеру мақсатында білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес отырысына ата-аналар қоғамдастығының, жергілікті атқарушы органдардың және білім беруді басқару органдарының өкілдері қатысады.

Мұндай рәсімдерді жүргізуде білім беру ұйымдарының басты міндеті –   өз қызметінің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін көрсету.

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде 8/72533/5-75-55 сенім сымтетігі жұмыс істейді, осы сымтетікке департамент қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін  және мінез-құлықтың әдеп нормаларын бұзғандығы жөнінде хабарлауға болады.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері өздеріне қызықтыратын сұрақтарға жауапты Департаменттің http://ukocontrol.gov.kz/ ресми  сайтынан ала алады, онда «Сұрақ-жауап» айдары жұмыс істейді.

Қозғалып отырған мәселенің айрықша маңыздылығына Сізді түсіністікпен қарайды және осы үндеуді Сізге басқаруға тапсырылған барлық білім беру ұйымдарының назарына жеткізеді деп үміттенемін.

 

Департамент басшысы                          Б.Мухамеджанов

 

БАСШЫ ТУРАЛЫ