Басшылық

Алматов Галымжан Бауыржанович
Департамент басшысы

Алматов Галымжан Бауыржанович 1988 жылы Шымкент қаласында туылған, ұлты – қазақ. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «математика бакалавры» мамандығын 2010 жылы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «математика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі» мамандығын 2019 жылы бітірді.

2010-2013 жылдары Шымкент қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі лауазымын атқарған.

2013-2014 жылдары Шымкент қаласының Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының педагог-ұйымдастырушы, математика пәнінің мұғалімі лауазымын атқарған.

2014-2017 жылдары Шымкент қаласының Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының оқу жөніндегі орынбасары, математика пәнінің мұғалімі лауазымын атқарған.

2017-2021 жылдары Шымкент қаласының №129 орта мектебінің директоры лауазымын атқарған.

24.09.2021-06.10.2021 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасарының міндетін атқарушы лауазымын атқарған.

07.10.2021 жылдан бастап Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы лауазымын атқарған.

02.12.2021 жылдан бастап Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымын атқарады.