2016 жылы жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктеріне сырттай бағалауды өткізу

2016 жылдың қараша айының 9-13 аралығында 6 базалық ЖОО-да 11 жоғары оқу орындарының 5558 студенттерінің қатысуымен оқу жетістіктеріне сырттай бағалау өткізіледі.

Білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттерініңөкілдері  жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың оқу жетістіктеріне сырттай бағалауына 8 бағыттың 101 мамандығының студенттері қатысады.

Студенттер тестілеу нәтижелерін Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтынан ЖСН және СЖК-ны (студенттің жеке коды) енгізу арқылы көре алады.